Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Басшылар

23.11.2015
13:32:11
0

  

Әділбаев Есенқос Естөреұлы

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары


Әділбаев Есенқос Естөреұлы 1985 жылы 6 қаңтарда дүниеге келді.

2002 жылы Ақтау қаласындағы № 24 орта білім мектебін бітірді.

2002 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университеті Инженерлік техникалық факультетіне(«Қолданбалы экология» кафедрасына) оқуға түсіп, оны 2007 жылы инженер-эколог мамандығы бойынша білім алды.

Өзінің еңбек жолын 2008 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Табиғат пайдалануды реттеу бөлімінде" «Бас маман» болып жұмысқа орналасты.

2015 жылдың 30 шілдесінен бастап, 2016 жылдың 3 қарашаға дейін  "Табиғат пайдалануды реттеу бөлімнің" басшысы болып өз қызметін жалғастырды. 2016 жылдың 4 қарашасынан бастап  қазіргі таңдаға дейін Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.

Еңсеген Динара Серікқызы

"Табиғат
пайдалануды реттеу" бөлімінің басшысы

Еңсеген Динара Серікқызы Қазақстан Республикасы Алматы қаласында 1980 жылы 19 ақпанда дүниеге келді.
1997 жылы Ақтау қаласындағы № 20 орта мектептен білім алып шықты.
1997 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау Мемлекеттік Университеті Инженерлік техникалық факультетінің «Қолданбалы экология» мамандығына оқуға түсіп, 2002 жылы инженер-эколог біліктілігін алып шықты.

2002 жылы шілде айында Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына "Төлем түсімдері және есепке алу" бөліміне жетекші маман ретінде қабылданды.

2004 жылы мамыр айында басқарманың "Бақылау және мониторинг" бөліміне жетекші маман қызметіне ауыстырылды.

2005 жылы қаңтар айынан бастап басқарманың "Жобаларды экологиялық сараптау" бөлімінің бас маманы қызметіне ауыстырылды.

2017 жылдың 5 қаңтарынан бастап "Табиғат пайдалануды реттеу бөлімнің" басшысы қызметіне ішкі конкурспен тағайындалды. 


Мутанова Гүлсім Тоқжанқызы

"Жобаларды экологиялық сараптау" бөлімінің басшысы

Мутанова Гүлсім Тоқжанқызы Қазақстан Республикасы Қызылорда облысында 1976 жылы 27 сәуірде дүниеге келді.
1993 жылы Абай атындағы № 130 орта мектептен білім алып шықты.
1994 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті Гидромелиорация факультетінің «Гидромелиорация» (орман мелиораторы) мамандығына оқуға түсіп, 1999 жылы инженер-орман мелиораторы біліктілігін алып шықты.
 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіне "Құқықтану" мамандығына оқуға түсіп, оны 2015 жылы бітіріп, бакалавриат біліктілін алып шықты.

2001 жылы сәуір айында Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының "Қаржы-бухгалтерлік есепке алу" бөліміне маман ретінде қабылданды.

2001 жылы желтоқсан айында "Радиациялық қауіпсіздік және су ресурстарын қорғауды мемлекеттік бақылау" бөліміне жетекші маман қызметіне ауыстырылды.

2002 жылы қараша айында "Экологиялық мониторинг" бөліміне бас маман қызметіне ауыстырылды.

2005 жылы ақпан айында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Жобаларды экологиялық сараптау" бөлімінің басшысы лауазымына ауыстыру тәртібімен тағайндалды.

2005 жылы ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін басқарманың "Жобаларды экологиялық сараптау" бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарады. 


· 

Қарашбай Әділет Жақсылықұлы

"Табиғат қорғау жобалары" бөлімінің басшысы

Қарашбай Әділет Жақсылықұлы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында 1984 жылы 27 тамызда дүниеге келді.
2000 жылы Ақтау қаласындағы Экономикалық лицейден білім алып шықты.

2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География факультетінің "Қолданбалы экология" мамандығына түсіп, 2005 жылы инженер-эколог біліктілігін алып шықты.

2004 жылы қыркүйек айында "География институты" ҚР БжҒМ жетекші инженер болып жұмысқа қабылданды.

2007 жылы маусым айында Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасына маман ретінде жұмысқа қабылданды, 2008 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы маман қызметінен өз еркімен жұмыстан босатылды.

2008 жылдың қазан айында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Жасыл Әлем" МКК диреторы лауазымына тағайындалды.

2011 жылы ақпан айында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Жасыл Әлем" МКК директоры лауазымынан өз еркімен босатылды.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап 2014 жылдың қыркүйек айына дейін "Мұнайтелеком" ЖШС қоршаған ортаны қорғау инженері, еңбекті қорғау қызметінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Табиғат қорғау жобалары" бөлімінің басшысы лауазымына конкурстық негізде тағайындалды. 


 
Ақпараттық ресурстар
Unique Kazakhstan (Қазақстан туралы жаhандық электрондық журнал) www.unikaz.asia
ҚР Энергетика Министрлігі http://energo.gov.kz/
Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы http://kazgeography.org/
Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) http://wwf.ru/
Маңғыстау туралы сайт http://mangystau-view.com
Сынапқұрамды шамдар мен құрылғыларды жинауға арналған арнайыланған контейнерлер орналасқан Ақтау қаласының интерактивты картасы. Толық мәліметті келесі сілтеме арқылы ала аласыз https://www.google.ru/maps/d/embed?mid=zO5yhpXwtwMg.k9PMrVD9kGh8" (немесе http://rtut-agit.kz/)
"Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" Акционерлік Қоғамы https://mangystau-ppp.kz/ru/