Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Кіру Тіркелу

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Ресми интернет-ресурс

Жиі қойылатын сұрақтар

13.06.2017
15:33:09
0

Сұрақ:

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін қандай материалдар ұсынылады?

Жауап:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Экологиялық кодексінің 72-бабына сәйкес, табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін рұқсат беру органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.


 - I, II және III санаттардағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1)  рұқсат алуға өтінімді;

2)  эмиссиялар нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын;

3)  қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын қамтиды.

-  Жаңадан енгізілетін IV санаттағы объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн қоршаған оpтаға эмиссияларға рұқсат алуға арналған құжаттар топтамасы:

1)   рұқсат алуға өтінімді;

2)  қоршаған ортаға эмиссиялардың есептік немесе аспаптық жолмен  белгіленген және негізделген нормативтерін қамтиды.

Сұрақ:

Табиғат пайдаланушы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына тоқсан сайын қандай есептер ұсынуы қажет?

Жауап:

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Экологиялық кодексінің 73-бабының 5-тармағына сәйкес, табиғат пайдаланушы экологиялық рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарының орындалуы туралы есепті рұқсат берген органға тоқсан сайын ұсынып отыруға міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 252 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес,I, II, III санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есепті ұсынуы қажет.


 
Ақпараттық ресурстар
Unique Kazakhstan (Қазақстан туралы жаhандық электрондық журнал) www.unikaz.asia
ҚР Энергетика Министрлігі http://energo.gov.kz/
Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы http://kazgeography.org/
Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) http://wwf.ru/
Маңғыстау туралы сайт http://mangystau-view.com
Сынапқұрамды шамдар мен құрылғыларды жинауға арналған арнайыланған контейнерлер орналасқан Ақтау қаласының интерактивты картасы. Толық мәліметті келесі сілтеме арқылы ала аласыз https://www.google.ru/maps/d/embed?mid=zO5yhpXwtwMg.k9PMrVD9kGh8" (немесе http://rtut-agit.kz/)
"Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" Акционерлік Қоғамы https://mangystau-ppp.kz/ru/