Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
16.11.2018

Маңғыстаудың биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері бойынша семинары


2018 жылы 16 қарашада Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының    2018 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ ұйымдастырған Маңғыстаудың биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері бойынша семинарын өткізді.

Семинарға Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының, «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің» , «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ және «Қазақстан биолауантүрлілікті сақтау ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі (ҚБСА) Маңғыстау облысы бойынша филиалының өкілдері қатысты.

Семинарда қатысушылармен облыстың биоалуантүрлілігін сақтау, қаскерлікпен күресті ынталандыру, өнеркәсіптің биоалуантүрлілікке кері әсерін азайту, алабарысты (леопард) сақтау және қабыланды (гепард) реинтродукциялау бойынша мәселелері талқыланды.