Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
29.11.2018

«Табиғатпен үндес мектеп», «Табиғатпен үндес балабақша», «Жасыл аула», «Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) экологиялық тақырыптың үздік жарияланымы», «Студенттері арасында облыстық экологиялық олимпиада» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі


Жыл сайын дәстүрлі түрде облыс көлемінде Маңғыстау облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына және Маңғыстау облысының тұрғындарын аумақтық экологиялық мәселелерді шешуге тарту мақсатында «Табиғатпен үндес мектеп», «Табиғатпен үндес балабақша», «Жасыл аула»,  «Бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) экологиялық тақырыптың үздік жарияланымы», «Студенттері арасында облыстық экологиялық  олимпиада» конкурстары өткізіліп келеді.

Конкурстардың мақсаты:

  • шөл өлкедегі елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартудағы жеке тұрғындардың рөлін арттыру мақсатында, жастар және ауыл тұрғындары арасында экологиялық ағарту мен насихаттау жүйесін жетілдіру;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің аймақтың қазіргі кездегі экологиялық проблемалар туралы ақпараттандырылуын арттыру;
  • балабақшаларда психологиялық, эмоциялық күйді, интеллектуалды және еңбек ету тәрбиесін қамтамасыз ету, түрлі өсімдіктерді егуді, өсіруді ұйымдастыра отырып жыл бойы балалардың экологиялық тәрбиесі үшін мектепке дейінгі балабақшаларда және топ ішіндегі жағдайды жасау. Ата-аналар арасында экологиялық білімді насихаттау болып табылады.

Бұл іс- шаралар - Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Жыл басынан бері Маңғыстау облысының білім беру басқармасымен бірлескен комиссия құрылып, барлық елді мекендердегі метептермен балабақшаларды және  тұрғындардың жасыл аулаларын аралап, іріктеп ең үздік деген метеп, балабақша және жасыл аулаға бағаларын беріп, аталған конкурстарға өз қорытындысын берді.

 

Республикада тұңғыш рет орта білім беру мекемелеріне арнап, «Қоршаған орта экологиясы» атты электрондық оқу-әдістемелік құралы мен оқулығы жасақталып, барлық білім беру мекемелеріне таратылды, 158 ұстаз арнаулы курстардан өткізіліп сертификат берілді.

Аталған конкурстар жеңімпаздарының озық тәжірибелерін ел арасына тарату мақсатында ауыл, аудан, қала, облыс деңгейіндегі әкімдіктер мен құрылымдар басшыларының көшпелі семинар-кеңестері өткізілді.

Экологиялық білім және ағарту жұмыстары одан әрі жалғасын табады.