Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
26.12.2018

"Улгілі ауыл" облыстық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.


  Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.03.2018 жылғы 39 қаулысына сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (МОТР және ТПРБ) ұйымдастыруымен өткізілген "Улгілі ауыл" облыстық конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі облыс әкімі Е.Л.Тоғжановтың қатысуымен 2018 жылдың 26 желтоқсанында Ақтау қаласы, "Хан Шаxар" салтанат сарайында өткізілді. 

 Аталған шарада 8 ауыл әкімдері шақырылып, марапатталды.

 "Үлгілі  ауыл" облыстық конкурсына қатысқан елді мекендер үшін келесі талаптар қойылды: жасыл арxитектура жоспары; ортақ пайдаланатын орындарды көгалдандыру, абаттандыру; жеке тұрғын ұй массивтерін көгалдандыру жайы және т.б.

  1. Аудан орталықтары арасындағы конкурс қорытындысы бойынша: Бейнеу ауданының орталығы Бейнеу ауылы( әкімі Қалдығараев Сисенбек Сүйекбайұлы) І дәрежелі дипломмен жеңімпаз деп танылды.
  2. Тұрғын xалықтың саны 3,0 мыңнан астам ауылдар арасындағы конкурс қорытындысы бойынша: І орын Бейнеу ауданының Боранқұл ауылына (әкімі Төреғожин Мәжит Жайкенұлы) , ІІ орын Қарағия ауданының Мұнайшы ауылына (әкімі Бекмұрзаев Болат Ілиясұлы), ІІІ орын Мунайлы ауданының Қызылтөбе ауылына (әкімі Боранбаев Серік),  Ынталандыру сыйлығы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылына (әкімі Нұржаубаев  Ғабиден Өтелгенұлы) берілді. 
  3. Тұрғын xалықтың саны 3,0 мыңнан аз ауылдар арасындағы конкурс қорытындысы бойынша: I орын Қарағия ауданының Құланды ауылына (әкімі Төкенов Санат Теңелұлы,IІ орын Маңғыстау ауданының Онды ауылына (әкімі Балапан Балтабай Қайыпұлы),Ынталандыру сыйлығын Бейнеу ауданының Тұрыш ауылына (әкімі Есмағанбетов Серік Манергеймұлы) берілді. 

2018 жылғы 26 желтоқсан күні жоғарыда аталған жүлдегерлер мен жеңімпаздарға облыс әкімі Е.Л.Тоқжанов марапаттады.