Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 қаңтарында облыстық "Табиғатпен үндес мектеп" конкурсының 2016 жылғы жеңімпазы - Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы №10 мектепте "Балалар мен жасөспірімдер арасында туристік , өлкетану және экологиялық жұмыстарды дамыту мәселелері" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшылары , қала, аудан мектептері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, мемлекеттік емес ұйымдар, тариxи-өлкетану музейі директорлары және мектеп оқушылары да қатысты. Қатысушылар мектептегі өлкетану, экологиялық жұмыстар жайымен және мектептің озық тәжірибесімен де танысты. Семинар-кеңесте балалар мен жасөспірімдер арасында өлкетану, эко-туризм бағытындағы іс-шараларды дамыту мақсатында білім беруді жетілдіру туралы баяндамалар тыңдалды.