Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
01.02.2019

1 ақпан 2019 жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында «ӨКМ операторы» ЖШС-мен бірлесіп семинар-кеңес өтті.


            1 ақпан 2019 жылы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында «ӨКМ операторы» ЖШС-мен бірлесіп мүдделі ұйымдар, қауымдастықтар мен кәсіпорындардың өкілдеріне консультациялық қолдау көрсету мақсатында қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөнінде семинар-кеңес өтті.

           Жиналысқа мемлекеттік органдар, «ӨКМ операторы» ЖШС-нің өкілі, өндірушілер мен импорттаушылар және қалдықтармен айналысатын арнайы кәсіпкерлер қатысты.

          «ӨКМ операторы» ЖШС-нің атқарушы директоры Дангилова Әсел Сағидоллақызы    өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру ережесін; қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшері және оларды бөлу тәртібін; тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау жүйесіне қажетті инфрақұрылымдарына қатысты сатып алу тендеріне қатысу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндірді.