Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
07.02.2019

«Балық шаруашылығын жүргізу мәселерлері және мемлекеттік қызметтерді «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды алуды түсіндіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел


2019 жылы 7 ақпанда облыстық әкімдікте Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Балық шаруашылығын жүргізу мәселерлері және мемлекеттік қызметтерді «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды алуды түсіндіру»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық департаменті, Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметі «Табиғатты қорғау полиция» бөлімі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы «Анықтау және әкімшілік іс жүргізу» бөлімі, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық  инспекциясы, Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Балық шаруашылықтардың қауымдастығы – BD» ЗТБ өкілдігі, балық шаруашылығымен айналысатын мекеме директорлары және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - бүгінгі таңдағы балық шаруашылығын жүргізу кезінде туындаған өзекті мәселелерді талқылау және табиғат пайдаланушыларды мемлекеттік қызметтерді «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүгізу.