Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
08.02.2019

"Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін аса өткір экологиялық проблемалардың тізімі туралы" талқылау отырысы


2019 жылы 8 ақпанда облыстық әкімдікте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевтің төрағалығымен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін аса өткір экологиялық проблемалардың тізімі туралы» талқылау отырысын өткізді.

 Отырысқа: Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары, Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Атмосфералық ауаны қорғау Республикалық ғылыми - зерттеу орталығы» ЖШС-нің, «Нұр Отан» партиясының мүшелері,  «ҚБСА» РҚБ филиалының, Маңғыстау облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының, Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы РММ, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының, Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің, "Казгидромет"   РМК  Маңғыстау облысының филиалы және «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның өкідері қатысты.

Отырыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 57-тармағын жүзеге асыру мақсатында, әрбір өңірде аса өткір экологиялық проблемаларды шешу бойынша шараларды жұртшылықпен бірлесіп әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ еркін онлайн-қолжетімділікпен экологиялық мониторинг жүйелерін дамыту болып табылады.

Талқылау отырысында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Д. Құсбековтың баяндамасы тыңдалды.

Онда, «Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін аса өткір экологиялық проблемалардың тізімі жобасы» және шешу жолдары туралы ұсыныстар берілді.

Отырыс барысында үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық маслихат депуттары өз ұсыныстарын айтып өтті.

Қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Р. Сәкеев нақты тапсырмалар берді, олар: «Аса өткір экологиялық проблемалардың тізімі және шешу бойынша іс-шаралары осы отырыстың хаттамасымен бекітіл, Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін 23 көрсеткіш бойынша жауапты мекемелер жол картасын жасақтауды және т.б тапсырды.