Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
05.03.2019

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 57-тармағын жүзеге асыру


 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 772 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 57-тармағын жүзеге асыру мақсатында, облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевтің төрағалығымен 08.02.2019 жылы өткен өзекті экологиялық проблемалардың тізімін талқылау отырысындағы № 01-05/23 хаттамасының 3 тармағы - Радияциялық залалданған аумақтарда атқарылып жатқан іс-шаралармен барып танысуға Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 05.03.2019 жылы көшпелі жиналыс өтті.

Қатысқандар: Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары А.Өрісбаев, А.Меңдібаев; Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат  пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Д. Құсбеков; Маңғыстау облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Р. Серікбай; Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Бисен; Маңғыстау облысы бойынша экология департаментібасшысының м.а. Р. Тукенов және зертхана басшысы Г. Ұлықбанова; «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның басшысы  К. Осин; "Казгидромет"   РМК  Маңғыстау облысының филиалының  директоры А. Тулеугалиева, зертхана басшысы Н. Рыскелдиева, инженер-химик Г. Адылбаева.