Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
27.02.2018

Құсбеков Дүйсен Темірұлы


Дүйсен Темірұлы Құсбеков – 1962 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (1988 ж.). Үйленген, 3 баласы бар.

Еңбек жолын 1988 жылы Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының ішкі істер бөлімінде бастап, 1992 жылға дейін қызмет етті.

1992-1995 ж.ж. - Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Прокурордың аға көмекшісі.

1995-1999 ж.ж. - Шахтинск қаласының Прокурордың орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

1999-2000 ж.ж. аралығында Қарағанды облысының Сот өкімдерінің заңдылықтарын қадағалау және қылмыстық істер бойынша атқарушылық іс жүргізу прокуратурасы басқармасының Сот өкімдерінің заңдылықтарын қадағалау және қылмыстық істер бойынша атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бастығы болды.

2001 жылы Сот өкімдерінің заңдылықтарын қадағалау және қылмыстық істер бойынша атқарушылық іс жүргізу прокуратурасы басқармасының аға прокуроры лауазымын тағайындалды.

2001-2003 ж.ж. Қарағанды облысы Соттар әкімшілігінің басшысы болды.

2003-2005 ж.ж. Қарағанды облысы Қазыбек би ауданының соты болды.

2005-2007 ж.ж. Қарағанды облысы Соттар әкімшілігінің басшысы болды.

2007-2011 ж.ж. Қарағанды облысы Соттар әкімшілігінің басшы орынбасары лауазымын атқарды.

2011-2016 ж.ж. Қарағанды облысы Соттар әкімшілігінің басшысы болды.

2016 жылы. Қарағанды облыстық сотының кеңсе басшысы.

2017 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың ақпан айлары аралығында «Маңғыстау облысы әкімдігінің Істер басқармасы» КММ-нің басшысының орынбасары қызметінде болды.

2018 жылдың 7 ақпанынан бастап Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарады.