Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
30.01.2019

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 қаңтарында облыстық "Табиғатпен үндес мектеп" конкурсының 2016 жылғы жеңімпазы - Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы №10 мектепте "Балалар мен жасөспірімдер арасында туристік , өлкетану және экологиялық жұмыстарды дамыту мәселелері" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.


Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 қаңтарында облыстық "Табиғатпен үндес мектеп" конкурсының 2016 жылғы жеңімпазы - Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы №10 мектепте "Балалар мен жасөспірімдер арасында туристік , өлкетану және экологиялық жұмыстарды дамыту мәселелері" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшылары , қала, аудан мектептері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, мемлекеттік емес ұйымдар, тариxи-өлкетану музейі директорлары және мектеп оқушылары да қатысты. Қатысушылар мектептегі өлкетану, экологиялық жұмыстар жайымен  және мектептің озық тәжірибесімен де танысты. Семинар-кеңесте балалар мен жасөспірімдер арасында өлкетану, эко-туризм бағытындағы іс-шараларды  дамыту мақсатында білім беруді жетілдіру туралы баяндамалар тыңдалды.