Іздеу
Көру қабілеті төмен адамдар үшін
Кері байланыс
Инстаграм
Фэйсбук
12.03.2019

Облыс елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша облыстық штабтың бірінші отырысы


 

Биылғы жылы елді мекендердің аумақтарын санитарлық-гигиеналық және эклогиялық жай-күйін жақсарту мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің 05.03.2018 жылғы № 36 қаулысына сәйкес, облыс елді мекендерінің аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту іс-шаралары 15 наурыздан бастап 30 сәуірі аралығында өткізілетін болады.

Аталған қаулыға сәйкес 06.03.2018 жылы облыс әкімінің №87-ө өкімімен елді мекендер аумақтарының көгалдандырылуы, абаттандырылуы және санитарлық тазартылуы бойынша іс-шаралар өткізуді үйлестіру жөнінде облыстық штаб құрылған болатын.

Осыған байланысты 2019 жылдың 12 наурыз күні облыс әкімінің орынбасары Р. Сәкеевтің төрағалығымен Облыстық штабтың бірінші отырысы өтіп, Облыстық штабтың жоспары және елді мекендер аумақтарын көгалдандыру, абаттандыру мен санитарлық тазарту  бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Облыстық штабтың бірінші отырысында облыс әкімінің орынбасары Р. Сәкеев Облыстық штаб құрамына және қалалық, аудандық штаб жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Облыстық штабтың жоспарына сәйкес айлық шеңберінде 16, 30 наурыз және 13, 27 сәуір күндері облыс бойынша сенбіліктер ұйымдастырылады.