Добро пожаловать в виртуальную приемную, здесь вы можете задать любой вопрос касательно нашей деятельности


Вопросы: 12

11.02.2019. Автор вопроса: Молдабеков Абай Бисенбаевич

Ассалаумалейкум! Мәселе Форт-Шевченко маңындағы, Қошанай аймағындағы "Вест Дала" ЖШС не байланысты. Бұл мекеме өндірістік қалдықтарды жою, кәдеге жарату, сұрыптау жұмыстарымен айналысады. Қалдықтарды өртеп жою үшін Инсинератор К3-2,6 қондырғысын пайдаланады. Бұл қондырғыда зиянды қалдықтар, яғни биологиялық қалдықтар, химияоық қалдықтар, медициналық қалдықтар, майлы фильтр-шүберектер жоғарғы температурада өртеледі. Түтінмен ауаға тарайтын зиянды шаң тозаңды сүзу үшін қондырғының "скруббер вентури" бөлігі қызмет атқарады. Бұл скруббер қысыммен тұмандатып су бүрку арқылы түтінмен сыртқы ортаға-ауаға тарайтын зиянды шаңды тұндыру қызметін атқарады. Осы скруббердің техникалық ақауы, су бүрку түтігінің істен шығып, қондырғы техникалык жарамсыз . Қондырғының осы бөлігі ігінің істен шыққанына бір жылдан астам уақыт өтсе де, мекеме зиянды қалдықтарын өртеп жоюды тоқтатар емес. Тапсырыс беруші НКОК немесе ТШО компанияларынан аудит келген кезде қалдық көлемін азайтып, көп жақпауға тырысады. Келген аудит скубберге үңіліп қарамағандықтан, оның жасап тұрғанын байқамайды. Экологиялық мониторинг жүргізетін мекеме мемлекеттік болмаған соң, сынамалары компания басшылары арасында келісілген, немесе зиянды ауаға тарайтын газдар мен қоспалар көлемі азайтылған түрде көрсетілуі мүмкін. Бұл жағдайды анықтау үшін экологиялық сараптама қажет етеді. Осы қондырғыда жойылған қалдық түрлерімен көлемін, кешен бастығы жүргізетін журналдан көруге болады. Қалдық өртеу процесі кезінде қою қара түтін жан-жақа тарап жатады. Қондырғының техникалық ақауына байланысты зиянды қалдықтардың ауаға тарап, өсімдік, топырақ, жануарлар және қала тұрғындарына қаншалықты зиян әкелетіні белгісіз. Осы тұрғыда экологиялық сараптама немесе тексеру жүргізіп, заң бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шара қолдануыңызды сұраймын.

Сәлеметсіз бе, Абай Бисенбайұлы!

Сіздің қоршаған ортаның тазалығына танытып отырған жанашырлығыңызға алғыс айтады.

Сонымен қатар, Басқарма сайтына "Вест Дала" ЖШС-нің қызметіне байланысты жазған өтінішіңізді қарай отырып, келесіні хабарлайды.

Мекемелердің қызметін, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін қадағалау, бақылау және т.б.  Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің құзырында екенін ескерте келе, көтерілген мәселе бойынша арнайы ақпараттар алу үшін 13.02.2019 жылы № 02-08/177 хат жолданғанын қаперіңізге береді. Келген жауап электронды поштаңызға қосымша жолданатын болады.

 

10.02.2019. Автор вопроса: Нургалиева Асылай

Добрый день! Хотелось бы узнать информацию о состоянии окружающей среды Мангистауской области. В выделенной секции нету информации

Сәлеметсіз бе, Асылай! Маңғыстау облысының қоршаған ортасының жай-күйі туралы мәліметтерді Басқарма сайтынан көріп, таныса аласыз. Назарыңызға рахмет!

07.02.2019. Автор вопроса: Букенова С.Б.

Добрый день. Вас беспокоят с РГП "Информационно-аналитический центр охраны окружающей среды" Министерства энергетики. Не можем связаться ни с канцелярией, ни со специалистами. Мы отправляли письмо в Акимат, входящий номер 762, отписано в УПРРП. Просим связаться исполнителя с нами по номеру 8 7172 57 00 03

Добрый день, Букенова С.Б.!

Уведомляем вас о том, что в связи с переездом у нас новые контактные данные адрес: 14 мкр, здание Областного акимата, 240-кабинет. Контакты:  8 /7292/ 43-10-88.

04.01.2019. Автор вопроса: Узакбаев Муратбек Сабыргалиевич

Бекіре тұқымдас балық яғни қызыл балық өсіргім келеді. ол үшін қандай құжаттар жинау керек?

Саламатсыз ба!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 «Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында балық өсірудің бірнеше түрі көрсетілген:

1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

2) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

3) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

4) су айдындарына балық жіберу – өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;

5) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы – сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

6) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – ТҚБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі.

Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру тәртібі

  1. Балықтардың қолдан өсімін молайту (балықтандыру) балықтардың санын сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарының балық өнімділігін арттыру мақсатында жүргізіледі.
  2. Балық шаруашылығы су айдындарында балықтардың қолдан өсімін молайтуды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша:

жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведовмствосының (бұдан әрі – ведомство) мамандандырылған ұйымдары және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шарттардың негізінде жеке және заңды тұлғалар;

балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанына сәйкес әзірленген балық шаруашылығы субъектісін дамыту жоспарына сәйкес өз қаражаттары есебінен жануарлар дүниесін пайданаланушылар;

ведомствомен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді көздейтін іс-шараларды орындау жолымен балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарында шаруашылық және өзге де қызметті (геологиялық-барлау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру) іске асыратын субъектілер жүзеге асырады.

  1. Су айдындарына балық жіберу жолымен балықтарды қолдан өсіру "Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12267 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Балықтарды қолдан өсіру бақыланатын жағдайда балықтарды өсіруге және тұйықталған сумен қамтамасыз ету циклін қоса алғанда қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды қолдана отырып тауарлы өнім алуға негізделеді.
  3. Балықтарды қолдан өсіруді немесе тауарлы балық өсіруді КТБӨШ, ТҚБӨШ, балық өсіру шаруашылықтары, оның ішінде сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, осы бағытта туындаған сұрақтар бойынша Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 43-10-89 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

01.12.2018. Автор вопроса: Валерий

Перезвоните пожалуйста по телефону 8 (499) 322-46-85 , Валерий.

Добрый день, Валерий!

Уведомляем вас о том, что в связи с переездом у нас новые данные адрес: 14 мкр, здание Областного акимата, 240-кабинет. Контакты:  8 /7292/ 43-10-88,

05.10.2018. Автор вопроса: Айдарбаев Ж.

Құрметті Дүйсен Темірұлы! Сіз Қызылсай мекемесіне өзіңізге жалпақтайтын басшыны қойып, (ютубтан көрдік) Сол басшы Қызылсай мекемесінде өзінің жақтырмайтын адамдарды, сол кісіге жалпақтамайтын жұмысшылардың бәрін шығарып, өз командасын жинап отыр! Және өзі пенсионер! Басқа жас мамандар жоқ па? Білім десе білімі жоқ сауатсыз. Жұмыстан шығарған адамдардың бәрі жиналып күн белгілеп, жиналыс ашсаңыз да болады.

Сәлеметсіз бе! 1-шіден Қазақстан Республикасы Iшкi Iстер Министрлiгi 14 желтоқсан 1994 ж. N 319 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 23 мамырда тіркелген, тіркеу N 65 бұрығының 2 тармағының 2.6. тармақшасы бойынша нақты ақпараттар, фактілер көрсетілмегендіктен, арыз-шағымыңыз қабылданбайды. 2-шіден әскери зейнеткер жасына шыққанымен, мемлекеттік қызметте зейнеткер жасына әлі жетпеген, 09.09.1963 жылғы (55 жаста).

03.10.2018. Автор вопроса: Аxмедова Жанар Муратовна

Салематсыз ба?! Мен Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінің "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 4-нші курс бакалавриатымын. Сіздің басқармаңызда дипломалды өндірістік практикв өтсем бола ма? Практика өту аралығы 2018 ж қаңтар- мамыр айлары. Алдыңғы жылы практиканы Қр Ұлттық экономика министрлігінде өткен болатынмын. Жауабыңызды күтемін! Назар аударғаныңызға раxмет!

Cәлеметсіз бе! 2019 жылдың шығар. Жауабын жақын арада айтатын боламыз.

06.06.2018. Автор вопроса: Каканов Саян

я представитель ТОО "Жанаозенский молочный завод" хотел бы узнать какие документы нужны для получения разрешения на эмиссию в окружающую среду на 2018 г. и куда что сдавать.Срок нашего разрешения и истек 31.12.2017.

Здравствуйте, Каканов Саян!

Согласно статьи 72 Экологического кодекса Республики Казахстан:

Для природопользователей, имеющих объекты I, II и III категорий, пакет документов для получения разрешения на эмиссии в окружающую среду включает:

1) заявку на получение разрешения;

2) заключение государственной экологической экспертизы на проекты нормативов эмиссий;

3) план мероприятий по охране окружающей среды.

3. Для природопользователей, имеющих вновь вводимые объекты IV категории, пакет документов для получения разрешения на эмиссии в окружающую среду включает:

1) заявку на получение разрешения;

2) нормативы эмиссий в окружающую среду, установленные и обоснованные расчетным или инструментальным путем.

4. Форма заявки на получение разрешения на эмиссии в окружающую среду утверждается уполномоченным органом в области охраны окружающей среды.


25.04.2018. Автор вопроса: Мұхамбет Надира Қалмұратқызы

Салеметсізбе! Басқармада бос орындарға конкурс ұйымдастырыладыма? Мамандығым "Биотехнология" , магистр, мемлекеттік тестілеуден сертификат бар

Сәлеметсіз бе, Надира Қалмұратқызы! Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін конкурстар бос орын болған жағдайда ұйымдастырылады. Бос орындарға конкурстарды kyzmet.gov.kz сайтынан үнемі қарап отыруыңызға болады.

22.04.2018. Автор вопроса: Сафура Жумагулова Ергаликызы

Здравствуйте вы можете мне скинуть последний конкурс кадров парк имени Кызылсай.



17.04.2018. Автор вопроса: Қосанов Байлы Итемгенұлы

Құрметті Дүйсен Темірұлы! Мұнайлы ауданы Баянды ауылы жерінде орналасқан бұрынғы № 400 құрылыс карьерінде және қоқыс полигонында 2 - 3 күн сайын кезектесіп от жағып , бұрқыраған қара түтіні мен қолқаны қабар исі ауыл үстін жауып өтеді. Және бұл мекемелер өртеуді көбіне жұма күні кештен бастап сенбі, жексенбіде жалғастырады. Себебі, олардың бұл іс - әрекеттеріне бақылау жасайтын, айыппұл салатын мемлекеттік мекемелер бұл уақытта демалыста болады. Алдымызда жаз уақыты жақындап келеді, онсыз да жеріміздің шаңына қосып улы түтін жұтсақ жағдайымыз не болады, ұрпағымыздың болашағы қалай болады? Осы жағдайға байланысты Сізден бір топ ауыл тұрғындары атынан қандай да бір шарасын қабылдауыңызды және бізге жауабын беруіңізді сұраймыз. Мекенжай: Баянды ауылы №75 үй 2 пәтер

Сәлеметсіз бе, құрметті Байлы Итемгенұлы! Сіздің тарапыңыздан келген хатта көрсетілген мәселе бойынша келесіні мәлімдейміз.

Облыстағы елең алып отырған барлық экологиялық мәселелерді анықтау, саралау, шешу жолдарын іздеу, ұйымдастыру Басқарманың негізгі қызметтерінің бірі. Алайда заңды тексеру жұмыстарын жүргізу Басқарма құзыретіне жатпайды.

Сіздің хатыңыз бойынша Баянды ауылының әкімі Р. Таймұратовқа, Маңғыстау облысының экология және ҚР ДСМ ҚДСК Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменттеріне хаттар жолданғанын қаперге бере отырып, мәліметтерді қосымша жолдайтынын хабарлайды.


12.04.2018. Автор вопроса: Абубикиров Руфат Мансурович

Прошу Вас написать адрес Вашей электронной почты. Спасибо большое

moup@mangystau.gov.kz